Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Адам ойымен санасқан кезде ауру пайда болады, проблема шығады", - психосоматолог

19.01.2024ж. 20:00
409
"Адам ойымен санасқан кезде ауру пайда болады, проблема шығады", - психосоматолог

Бас ауырып, балтыр сыздаса дәрі-дәрмекпен емделеді. Дерттен айығудың жалғыз жолы осы деп қабылдайды жұрт. Ал, кейбіреулер түпсана арқылы да шипа алуға болады дейді. Ол мүмкін бе? Арайлым Қанатқызы айтады.

Алматылық Ақмарал Болатқызының баласына дәрігерлер осыдан 6 жыл бұрын аутизм диагнозын қойған. Көрсетпеген жері жоқ. Аурухана табалдырығын тоздырдық дейді. Төзімі таусылған ана психосоматика мамандарына да жүгінген.

Ақмарал БОЛАТҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Сабаққа барған кезде бізді сабақтан қуып шықты. Домашнее обучениеге жіберді. Логопед, дефектолог, психиаторлар, невропатолог, неше түрлі емдерге барып жүрдік. Бірақ ешқандай результат берген жоқ. Осы консультациядан + кейін бала тез айығып кетті. 15 күн ішінде.

Психосоматика деген не? Бұл ғылым елімізге 2 жарым жыл бұрын енді. Психосоматика ғылымының маманы Нұрлан Несіпбай "Адам ойымен санасқан кезде ауру пайда болады, проблема шығады" дейді. Айтуынша бұл біздің түп санамыз бен тәніміз арқылы жұмыс істейді.

Нұрлан НЕСІПБАЙ, ПСИХОСОМАТОЛОГ:

Адамның бойында болып жатқан аурулардың бәрі бұл физикалық блоктар. Физикалық блоктар түйіліп қалған нәрселердің бәрі бастағы эмоцияда тіреліп қалған. 4 адам: екіқабат әйелдер, шизофрениктер, запросы жоқ адамдар, астматиктер. Осы 4 адамға проработка жасай алмаймыз. Қалғандарымен разбор жасап, жұмыс істей аламыз.

Мамандар кез-келген дерттің алдын алып, емін тауып жатырмыз десе де, халық оған күдікпен қарайды.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Дұрыс емес шығар, бәрібір ол медицинаға жатпайды ғой.
- Иә, өзім сенем, психосоматолог бәріне жүгіндім.
- Сенбеймін оған. Ерунда это.
- Иә, білемін. Өз ойымен емделіп жатқандар бар.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Осы тұрғыда дәрігерлер артық қылам деп тыртық қылып алмауды өтінеді. Себебі кез келген қосалқы емді тек дәрігердің нұсқауымен қабылдау керек.

Шынар ҚАЙЫРҒАЛИҚЫЗЫ, ДӘРІГЕР-НЕВРОПАТОЛОГ:

Бұл жүйелі түрде емделу керек. Бір бағытта ғана емес. Қажет жағдайларда дәрілік препараттар, психосоматика, психотерапия жүргізу арқылы емдейді.

Адам күйзеліске ұшырап, жаны қиналғанда, тәні бірге ауырады. Десе де, дәрігерлер медицинаны жоққа ұсынуды жөн көрмейді. Аурудың алдын алу үшін алдымен медициналық көмекке жүгінуді сұрайды.