Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ақтөбеде "күмәнді конвертке" қатысты қызметтік тексеріс басталды

AstanaTV
19.01.2024ж. 20:00
318
Ақтөбеде "күмәнді конвертке" қатысты қызметтік тексеріс басталды

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың көмекшісі мен Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басшысының орынбасарына қатысты күмәнді бейнежазба тарады. Бұл жазбаға қатысты әкімдік пікір білдірді. Қазір қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

Гүлбағда КӨБЕЕВА, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Айтылып жатқан жаңағы Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуовтың, яғни Ақтөбе облысы әкімінің орныбасарының қатысы бар ма, жоқ па ол жағын білмейміз. Оны өйткені қазір ішкі тексеру жүріп жатыр. Сол кезде анықталатын болады. Ол жерде Руслан Әжниязов СПК-ның председатель орынбасары. Ал екінші қызметкер бұрын бізде әкімдікте істеген қызметкер.

Нарек ГЕГАМЯН, "АҚТӨБЕ" ӘЛЕУМЕТТІК -КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кадр қызметімен жұмыстар жүргізілуде. Бүкіл айтылған жағдай бойынша тексеріледі. Бүкіл сотрудниктерден түсініктеме алынады. Басқа да жұмыстар жүргізіледі. Был конец года. Соответсвуищий прадзники, то есть премии были. Но иная информация будет собщено дополнительно.