Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Солтүстік Қазақстанда екі бүлдіршіннің анасы есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

AstanaTV
21.01.2024ж. 16:08
1258
Солтүстік Қазақстанда екі бүлдіршіннің анасы есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Солтүстік Қазақстанда екі бүлдіршіннің анасы есірткі таратқаны үшін 10 жылға сотталды. Ал балалары қорғаншылық органдарына тапсырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әйел синтетикалық есірткіні сату мақсатында тасымалдаушы болған. Барлық әрекеттер Telegram мессенджері арқылы жүзеге асқан. Жасы мен екі кішкентай баласының болуына қарамастан ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үш жастағы ұлы мен үш айлық қызы қорғаншылық органдарына тапсырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.