Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Атырауда төбелестен қаза тапқан жігіт Павлодардан мектепті жөндеуге келген

22.01.2024ж. 20:00
515
Атырауда төбелестен қаза тапқан жігіт Павлодардан мектепті жөндеуге келген

Атырауда тапа-тал түсте төбелестен жас жігіт қайтыс болды. Оқиға қаладағы Авангард ықшам ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, алғашында пәтерден шу шыққан. Кейін жігіттер төбелесті далада жалғастырыпты. Мәселенің мән-жайын өңірдегі тілшіміз жеткізеді..

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қазір оқиға болған аулада қылмыстың еш белгісі жоқ. Көршілерінің айтуынша, алғашында жас жігіттердің әрекеті әзіл секілді көрінген. Екі жігіт төбелесіп жүргенде, үшіншісі келіп, бас жағынан ұрып қалған. Қолында ұзын таяғы болды,- дейді.

Жас жігіт содан ес жимаған. Көршілерінің сөзіне сенсек, олар қаладағы мектептердің бірін жөндеуге Павлодар қаласынан келіпті. Атырауда үй жалдап тұрған көрінеді.

Ваделя САПАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Есік алдына шықсам, полицияның 12 көлігі тұрған шығар, адам толып жүр. Шошып кеттім. Анау орындықта беті жабылған адам жатты. Өзім көрмедім. Көршілер оларды ойнап жүр деп ойлаған. Үшіншісі таяқпен атып шығыпты, таяқты басында бір нәрсе болды,- деді. Басына тиген болып тұр ғой, шамасы. Көршілер арасында қыздар болған,- деді. Қызғаныш болды ма екен, ол жағын білмедім.

Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз. 30 жастағы Павлодар қаласы тұрғынының өліміне күдікті - оның 41 жастағы жерлесі.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 106-бабы «Адам өміріне қасақана зиян келтіру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Күдікті уақытша тергеу изоляторында қамауға алынған. Сараптама тағайындалып, тергеу басталып кетті.