Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Былтыр отбасылық зорлық-зомбылықтан 69 әйел мен 7 бала көз жұмған

22.01.2024ж. 20:00
594
Былтыр отбасылық зорлық-зомбылықтан  69 әйел мен 7 бала көз жұмған

Былтыр отбасылық кикілжіңдер кезінде 69 әйел мен 7 бала көз жұмған. Осы санат бойынша полицияға 99 мың хабарлама түскен. Балаларға қарсы 2500-ге жуық қылмыс жасалған. Осы ретте, Ішкі істер министрлігі «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасын бастады. Шараның басты мақсаты – отбасындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу. Жоба аясында зорлық-зомбылық жасап полицияның есебінде тұрғандар, өз міндеттерін дұрыс орындамайтын ата-аналар, алкоголь мен есірткі тұтынатындар тексеріледі. 

Азамат ҚҰРЫМБАЕВ, ҚР ІІМ ӘПҚ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қолайсыз әлеуметтік ортадағы отбасыларды және зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп, оларға көмек көрсететін мобильді топтар құрылды. Азаматтардан тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарлауды сұраймыз. Елімізде 111 тегін сенім телефоны іске қосылған. Оған қоңырау шалып, кеңес алуға болады. Сондай-ақ 102 телефоны да үнемі жұмыс істейтінін хабарлаймыз.