Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жамбыл облысында 2 теміржолшыны пойыз басып кетті

22.01.2024ж. 20:00
417
Жамбыл облысында 2 теміржолшыны пойыз басып кетті

Жамбыл облысында 2 теміржолшыны пойыз басып кетті. 4 қызметкер станция маңайында вагондардан түсіп қалған пойыз жабдықтарын іздеуге шыққан. Сол мезетте №71 пойыз екі теміржолшыны қағып өлтірген. Марқұмдардың бірі 62-де, екіншісі 57 жаста болған. Екеуі де теміржол саласында 20-30 жылға жуық еңбек еткен. Қазақстан темір жолы ақпаратынша, пойыз машинисі жедел тежеуді іске қосқан. Алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған. Арнайы комиссия құрылды. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғады. 

Ерлан СЕҢГІРБАЕВ, ШУ СТАНЦИЯСЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Орын алған жағдай бойынша желілік полиция бөлімінің теміржол көлік қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу бойынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс бойынша ҚР ҚП кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүдессіне орай өзгеде ақпаратта жариялауға жатпайды.