«Қазкоммерцбанктің» салымшылары
алаңдамаса да болады. Банк төңірегіндегі алып-қашпа әңгімелерге сенудің қажеті
жоқ». Бүгін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деп мәлімдеді.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк
төрағасы:
«Қазкоммерцбанктің» Ұлттық банк
алдындағы қарызы 200 млрд теңге. Бұл сома банк активінің болмашы ғана бөлігін
құрайды. Сондықтан банктің ары қарайғы тағдырына алаңдаушылық танытатындай
ештеңе көріп тұрған жоқпын. Салымшылардың да дүрлігуіне негіз жоқ, банктің
қызметін оң бағалаймын.
Бүгін Мәжіліс «Коллекторлық
қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сай елдің
банктер алдындағы берешегін өндірудің тиімділігі арта түспек. Сонымен қатар
коллекторлық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар
реттеледі. Бүгінде шамамен 60 компания банктермен жасасқан шарттар негізінде
берешекті өндіруге кірісіп кеткен. Бүгінде қарызын өтемей жүрген 930 мыңға
тарта борышкер бар. Бас банкирдің мәліметінше, елде 5 млн адам банктерге
қарыз. Бұл ұйымның қызметі қаржы институттарының жұмысына қандай да бір оң
әсерін тигізе ме? Депутаттарды осы жағы қызықтырады.
Қожахан Жабағиев, ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Екінші деңгейлі банктерді
күмәнді активтерден тазартудың заңнамалық базасы бекітілді. Дегенмен, банктер
әлі де сауықтырудан өтуі керек. Заңның екінші деңгейлі банктерді сауықтыруға қаншалықты әсері болмақ?
Аталған заң жобасынан күтеріміз
көп. Коллекторлық ұйымдар иниститутын енгізу банктердің клиенттермен жұмыс
істеу мүмкіндігін кеңейтеді, қарызды өндіруге кеткен қыруар ресурстар
үнемделеді. Бұл міндет енді коллекторларға берілген соң шығындарды азайту
тұрғысында да банктердің ұтары мол.