Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Тінікеевке қатысты жәйт өзгелерге сабақ болуы тиіс - Қуаныш Сұлтанов

AstanaTV
28.12.2016ж. 20:00
2470
Тінікеевке қатысты жәйт өзгелерге сабақ болуы тиіс - Қуаныш Сұлтанов

"Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ". Мұхтар Тінікеев туралы Мәжіліс депутаты, Қуаныш Сұлтанов осылай деді. Бүгінгі палата отырысында Тінікеевтің депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Бұған дейін депутаттардың әдебі бойынша кеңес өткен, Сұлтановтың айтуынша, ол жиынға Мұхтар Тінікеев қатысып, өз еркімен мандаттан бас тартатынын хабарлаған. Қуаныш Сұлтанов тәжірибелі азаматтың кеткеніне өкініш білдіретінін, бұл жағдайдың өзгелер үшін сабақ боларын айтты.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Мұхтар Тінікеев делінген ер адамның қатысуымен даулы  бейнежазба пайда болған еді. Әдеп кеңесінде тап осындай мәселе алғаш рет қаралыпты, Сұлтанов мырза "соңғысы да осы боларынан" үмітті.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Өз істегенін мойнымен көтере білді, өзінің де атын сақтап қалды деп есептеймін. Кемел шағына келіп тұрған жігіт өмірде депутаттықтан да басқа қызметтер бар атқаратын, ол үлкен саяси мектептен өтті... Өкінішпен қараймын, ондай жағдай болмағанда, жақсы болар еді.

107 депутаттан тұратын Мәжіліс 2016 жылды 105 депутатпен аяқтап отыр. 26 қазанда Сергей Дьяченко көз жұмған еді.