Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының қызметкері Антикордың тергеуінен кейін өзіне-өзі қол жұмсады

AstanaTV
24.01.2024ж. 17:46
1112
Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының қызметкері Антикордың тергеуінен кейін өзіне-өзі қол жұмсады

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының қызметкері Антикордың тергеуінен кейін өзіне-өзі қол жұмсады.

«Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстық іс бойынша сотталушының қарамағындағы қызметкердің өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Ол тергеуге куәгер ретінде қатысып, жан-жақты көмек көрсетті. Оған қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қолданылмады. Сондай-ақ облыс бойынша оның емін-еркін жүріп-тұруына шектеу қойылмаған еді», – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Полиция суицидке итермелеу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.