Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Әріптесін өлтірді деген күдікке ілінген полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
28.12.2016ж. 20:00
3178
Әріптесін өлтірді деген күдікке ілінген полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция қызметкері, 10 жылдық өтілімі бар майор қамауға алынды. Ол Көкшетаудағы із-түссіз жоғалып кеткен полиция қызметкері Дархан Еламановты атып өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук айтты.

Дархан Еламановтың үйленгеніне 3 ай болған. Жүкті әйелі мен жақындары ертең оны ақтық сапарға шығарып салмақшы. Марқұмның туғандарының сөзіне сенсек, Дархан Еламанов желтоқсанның 25-күні кешкі 9-дар шамасында соңғы рет әйеліне қоңырау шалған. Осыдан соң онымен тілдесу мүмкін болмапты. Келесі күні ішкі істер қызметі іздеу жариялаған. Тек 2 күннен соң отбасына суық хабар жеткен.

Мұрат Еламанов, марқұм Д.Еламановтың әкесі:

Мына мойын мен бас жағында жарақат бар. Сол жерде атқан. Киімін бәрін шешіп алған. Щучинскінің трассасына алып шығып, өзін қармен жапқан. Неке сақинасын алған, документтерін алған, табельный пистолетін алған. Қалған киімі мен соткасын өртеп жіберген.

Ал әріптесін өлтірді деген күдікке ілінген полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Күдікті ұсталып, қылмыстық процессуалдық заңнамаға сәйкес уақытша қамауға алынды. Өзінің кінәсін мойындап отыр. Өлтіруге арадағы алауыздық себеп болған.