$472.57 €508.34 ₽5.4
×

Шетелде қалып қойған 300 туристің 63-і елге оралды

25.01.2024ж. 20:00
459
Шетелде қалып қойған 300 туристің 63-і елге оралды

300 отандасымыз саяхаттаймын деп шетелде қалып қойды. Оған TEZ.kz туроператорының жабылуы себеп болған. Демалушылардың құқықтарына кепілдік беретін "Туристік Қамқор" қоры алаңдауға негіз жоқ дейді. Өзге елде демалып жүрген қазақстандықтар компанияның кепілдік жүйесінде жинақтаған қаражат есебінен елге қайтарылады.

Нұртас КӘРІПБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ИНДУСТРИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

63 турист бүгін Қытай елінен келетін болады. Жалпы 250 турист қазіргі таңда шетелде дем алып жатыр. Олардың барлығы уақытылы, өз билеттерінде көрсетілген күні елге қайтатын болады.