"ҚазАвтоЖол" қызметкерлері М-36 "Ресей шекарасы (Екатеринбург)-Алматы" республикалық маңызы бар автожолының 401-шақырымында Қостанай бағытындағы Қарабалық бұрылысында орға түсіп кеткен жүк көлігін анықтады.
Жүргізушінің сөзінше, Т-тәрізді қиылыста қарсы бағытта келе жатқан көліктің жарығы оның көзіне шағылысқан.
Салдарынан жүк көлігі сырғанап, жол жиегіндегі орға түсіп кеткен.