Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ресей мен Түркия Сирияға қатысты келісім жасасу жайын талқылады

AstanaTV
29.12.2016ж. 20:00
2604
Ресей мен Түркия Сирияға қатысты келісім жасасу жайын талқылады

"Сирияның демократиялық майданы" қозғалысының өкілдері Астанада келісім үстеліне отыруға дайын. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Махмуд Меръиге сілтеме жасап, РИА Новости хабарлады. Аталған келісім Елордада қаңтардың екінші жартысында өтеді деген болжам бар. Ал Сирияда  ДАИШ-тың тағы бір көсемінің көзі жойылды. Рейтерстің хабарлауынша, ол Абу Джандал Аль-Кувейти лаңкестік тобының басшысы болуы мүмкін.

Ал Ресей мен Түркия Сирияға қатысты келісім жайын талқылады. Дауласқан тараптарға 29 желтоқсанда сағат түнгі 12-ден бастап қақтығысты тоқтату туралы ұсыныс берілмек. Алайда мұның террористік ұйымдарға қатысы жоқ. Түркия сыртқы істер министрі Сирияда оқ атуды тоқтату келісімі кез келген уақытта күшіне енуі мүмкін дейді.  Ресми Дамаск бұған қатысты мәлімет беруге асықпай отыр. Есесіне, Сириядағы оппозициялық топтардың кей өкілдері бітімгершілік келісіміне қосылатынын алдын ала хабарлап үлгерген. Бұл туралы Al Jazeera арнасы ақпар таратты.

Батыс сарапшылары болса, Сирия дағдарысын реттеудің жаңа жоспары өміршең боларынан үмітті. Ал БҰҰ-ның сайланған бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ пен Ресей өзара алауыздықты жойып, Сириядағы соғысқа нүкте қояды деп сенетінін мәлімдеді.

Мевлют Чавушоглу, Түркия сыртқы істер министрі:

Бұл істі жаңа жылға дейін аяқтаймыз деген ойдамын. Біз Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен әрдайым байланыста отырмыз. Оппозициялық күштер арасында келісімге қол қойылатынына кепілдік береміз.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА