$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап полицейлерге «ала таяқ» пайдалануға тыйым салынбақ

AstanaTV
29.12.2016ж. 20:00
1902
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап полицейлерге «ала таяқ» пайдалануға тыйым салынбақ

Жол полицейлері «ала таяғынан» айырылатын болды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ішкі істер министрінің «құқық қорғау органдарын модернизациялау» жобасы  аясында іске асып отырған шара - халықаралық стандартқа сай. Бұл туралы ішкі істер министрінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, келер аптадан бастап полиция қызметкерлері тәртіп бұзған көліктерді тек қолдың нұсқауымен тоқтататын болады. Жүргізушіге түсінікті болу үшін қосымша ысқырғыш пайдаланып, көлікті дөп нұсқауы шарт. Оған қоса арнайы патрульді көліктің дыбысты сигналдарын пайдалануға рұқсат. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық дәлелді болу үшін бейнекамералар пайдаланылмақ.

Алмас Сәдубаев, ІІМ баспасөз хатшысы:

Халықаралық стандартқа сай 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің Ішкі істер органдарының қызметкерлері де көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқ қолданбайтын болады.