Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

31.01.2024ж. 20:00
519
Педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әйеліне қол көтергендер де қылмыстық жаза арқалайды. Мәжіліс жаңа заң жобасын қарап жатыр. Құжат әйелдер мен бала құқықтарын қорғауға негізделген. Заң жобасын мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов таныстырды. Депутаттар жаңа заң нормасына тағы қандай ұсыныстар енгізді? Заңгерлер не дейді? Тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатады.

Енді отбасының шырқын бұзып, әйелін соққыға жығатындар үшін заң күшейтіледі. Жаңа заң нормасы тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша тирандарға қылмыстық жаза арқалатуды көздеп отыр. Депутат Асхат Аймағанбетов бұл әйелдерге ғана тиісті емес дейді. Енді қоғамда кез-келген жанжал шығарғандар жазаланады.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ұрып-соғу, әлде жеңіл зиян келтіру денсаулыққа қазіргі уақытта ол бізде әкімшілік кодексте. Біздің ұсынып отырған нормамыз оны әкімшілік кодекстен қылмыстық кодекске көшіру. Ол бір, яғни криминализация. Екіншіден осы зорлық-зомбылықпен ұрып соғуға жалпы жауапкершілікті арттыру.

Заңгер Ерқанат Бейсенбаев тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша заңның бұлайша күшейтілгенін қолдамайды. Себебі бұл отбасын ойран етуі мүмкін дейді.

Ерқанат БЕЙСЕНОВ, ЗАҢГЕР:

Бұл- жанұяның жеке қарым-қатынасы. Екіншіден қазір бар нормаларды заң атқарушы органдары дұрыстап атқарса және атқаратын болса, дұрыс пайдаланатын болса, мұндай іс әрекеттер алдын-алуға және жоққа шығаруға болады.

Заң жобасы педофилдер мәселесіне де нүкте қоймақ. Енді олар өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл орайда тұрғындардың пікірі- екіұшты.

БЛИЦ-САУЛНАМА:

 - Дұрыс істейді, қолдаймын, қолдаймын!
 - Кез келген адамды негізі кез-келген қылмысы үшін өмір бойына ойлаймын өмір бойына жабу дұрыс емес.
 - Сотталсын, қылмыстық жазаға тартылуы керек.

Заң жобасында жетімдер үйі, мүгедектігі бар адамдарға арналған орталықтарға қатысты да жауапкершілікті күшейту қарастырылған. Себебі қазір кәсіпкерлікті аяқ-асты тексеру мүмкін емес. Сондықтан ұсынылған норма бұл талапты өзгертпек. Себебі өткен жылы жазғы лагерлер бойынша да біршама дау-дамай шыққаны мәлім,-деді депутат.