Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Ері де, әйелі де, жасы да, кәрісі де моншаға бірге түседі». Қарақатты шошытқан не?

AstanaTV
01.02.2024ж. 15:32
8251
«Ері де, әйелі де, жасы да, кәрісі де моншаға бірге түседі». Қарақатты шошытқан не?

Танымал өнерлі жұп Қыдырәлі мен Қарақат Германияға емделуге кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Бейнежазбасында Қарақат он күнге жоспарланған сапарының аяқталып, елге қайтқанын айтты.

Көздеген мақсатымыз орындалып, көңіліміз жайланды. Осыдан 10 жыл бұрын келіп едік. Мені қатты шошындырған бір-екі өмір сүру салтын айтып берейін. Бұл кісілер біз секілді аста-төк дастархан жаймайды. Қонақ келсе, ол өзінің ішкен-жегенін төлеп кетеді екен. Әншінің сөзінше, біздің қазақылығымызға жат дүние болғандықтан, түсіне алмаған. Тағы бір шошындырған жағдай, жасы да, кәрісі де, әйелі де, ері де балаларымен бірге моншаға түсе береді екен. Анадан жаңа туғандай жалаңаштанып, бәрі бір моншада жүреді. Алдында келгенде естігем, бірақ сенбеп едім. Осы жолы бұлар соны қалыпты жағдай деп айтып бергенде кәдімгідей шошыдым, – дейді әнші.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.