$498.34 €519.72 ₽4.85
×

2016 жылы Қазақстан тарихындағы ең ірі терактілер орын алды

AstanaTV
30.12.2016ж. 20:00
3805
2016 жылы Қазақстан тарихындағы ең ірі терактілер орын алды

Теракт Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Маусым терктісі деген атау алған Ақтөбедегі оқиға елдің төбесінен жай түсіргендей болды. 26 адамнан тұратын лаңкестік топ алдымен қару-жарақ сататын екі дүкенге шабуыл жасады. Ол жерде үш адам оққа ұшып, тағы бірі ауыр жараланды. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел жеткенімен, мұздай қаруланған қаскөйлер қарсылық көрсетіп, мұның соңы атысқа ұласты. Қарулы топ автобусты басып алып, қаладағы әскери бөлімге шабуыл жасады. Ресми органдар 7 адамның қаза тапқанын хабарлады, тағы  38-і жараланған.

Мұхамедқали Сатов, ҚР Ұлттық гвардиясы бас қолбасшысының орынбасары \06.06.2016 ж.\:

17 адам. Олар қарумен келді. Бірінші бастағанда біздің сарбаздармен біздің контрактниктерді атып, «Аллаһу Акбар» деп, олар келе жатты. Біздің сарбаздарды атып жаралады.

Ішкі істер министрлігі, Ақтөбеде сойқан салғандар - теріс діни ағымды ұстанған радикалдар екенін, ресми түрде мәлімдеді. Аймақта террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілді. Күштік құрылымдардың қатысуымен ауқымды операциялар өтті. 18 лаңкестің көзі жойылып, 20-сы тұтқындалды. Атышулы іс сотта жабық жағдайда қаралды. 29 айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айрылды.

Ақтөбе қырғынынан есімізді толық жия алмай жатқанда, араға 40 күндей уақыт салып, тағы бір қанды оқиға бүкіл елді дүр сілкіндірді. Алматыда шілденің 18-і дүрбелеңмен басталды. Сағат таңертеңгі 10-дарда қаланың қақ ортасынан атыс даусы естілді. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қалада террористік қауіптің қызыл деңгейі енгізілгенін жариялады. Ішкі істер департаменті антитерорлық  операция жүріп жатқанын хабарлады. Әскери бөлімдер күшейтілген режимге көшті. 8 полицей мен 2 бейбіт тұрғынның өмірін қиған қаскөйдің Руслан Күлекбаев екені анықталды. Алматының қақ ортасында сойқан салған қаскөйге сот ең ауыр жаза кесті. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА