Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірі өртенді, деп хабарлайды AstanaTV.
Пәтердегі жеке заттар мен жиһаздар жанып, өрт аумағы 7 шаршы метр.
ТЖД құтқарушылары баспалдақ маршы арқылы 6 адамды, оның ішінде 2 баланы аман-есен құтқарып алды. Сонымен қатар қауіпті аймақтан 31 адам, соның ішінде 9 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.