Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Еліміздің медициналық мекемелеріне 73 млн теңге айыппұл салынды

02.02.2024ж. 20:00
369
Еліміздің медициналық мекемелеріне 73 млн теңге айыппұл салынды

Еліміздің медициналық мекемелеріне 73 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаевтың айтуынша, былтыр медициналық мекемелерге 600-ден астам тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 104 медициналық мекемеден 6 мыңнан астам жарамсыз құрал табылған. Қан қысымын өлшейтін өлшеу құралдары, өкпені жасанды желдету аппараттары, дифебриляторлар және жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар. Айта кетейік, айыппұл арқалаған мекемелердің ішінде емханалар, ауруханалар, әскери госпитальдар мен лазареттер бар.

Қуаныш ЕЛІКБАЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Медициналық мекемелерде өлшеу құралын уақтылы салыстырып тексерудің болмауы дұрыс емес. Бұл диагнозды дұрыс қоймауға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар денсаулық пен өмірге елеулі қауіп төндіріру мүмкін.