Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Ақтөбе-Хромтау» тас жолы 18 жыл бойы күрделі жөндеуден өтпеген

02.02.2024ж. 20:00
418
«Ақтөбе-Хромтау» тас жолы 18 жыл бойы күрделі жөндеуден өтпеген

Былтыр "Ақтөбе-Хромтау" тас жолы бойында елуге жуық жол апаты болған. 33 адам қаза тауып, 67 адам түрлі жарақат алды. Сыбайлас жемқорлыққа күрес іс -қимыл агенттігінің өкілдері проблемалы аумаққа қатысты бірқатар кемшілікті анықтады.

"Ақтөбе-Хромтау" тас жолы десе жүргізушілер жылап қоя береді. Жолдың сау-тамтығы жоқ, шұрық-тесік.

Альберт ШАРАПХАНОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

Жол жоқ. Мына жолмен жүру вообще не возможно. Опасно. Бұл жол яма-яма ғой. Содан қашып машина бір-біріне соғады. И содан авария болады.

Ербол МӘМБЕТОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

Жол дұрыс тазармайды. Жолға қарамайды ғой. Жол яма-яма. Хромтауда әкім жоқ шығар деп ойлайтын едік. Қаншама км жол нашар ғой. Вообще жол жасалмайды. Жүріс жайлап ақырындап жүреміз.

Осы жолмен күн сайын 10 мыңға жуық көлік әрі-бері өтеді. 18 жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілген. Содан кейін мүлдем жөнделмеген.

Алмат МЫРЗАЛИЕВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бастапқы 56 шақырым «Ақтөбе –Хромтау» аралығында учаскеге реконструкция жасайды бірінші категория жолына осы үш жылда. Бірақ та дәл осы проблемалық участок негізі 202 км жерді қамтиды. Републикалық трасса Ақтөбеден Қарабұтаққа дейін 56 шақырым аздау болып тұр бұл жерде.

«Қазавтожол» Ақтөбе облысы бойынша жеті бағыттағы жолдарды күтіп ұстауға жауапты. Мекеме басшысының айтуынша, өзекі мәселе көп. Қаржы жетіспейді. Норматив бойынша болуы тиіс 257 техниканың жартысы да жоқ.

Рахат СЫДЫҚОВ, «КАЖСЕРВИС» ЖШС АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қаржыландыру биылдың өзінде 1 млрд жарым бізге жеткізбей берілді. Жылдағы қаржы жетіспеушілігі бар екі бастан. Бар 97 единица техникамыздың елу бесі жүз пайыз изношено, срогы жеткен. 152 техника жетпейді. Дей тұрғанымен біз осы жолды ұстап тұрмыз.

Құзырлылар сондай-ақ, жолға бөлінетін қаражаттың уақтылы бөлінбейтінін анықтаған. Сондықтан жоспарланған жұмыстар да кешеуілдейді.