Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстандық экипаж ралли-марафонның екінші кезеңін сәтті аяқтады

AstanaTV
04.01.2017ж. 20:00
2118
Қазақстандық экипаж ралли-марафонның екінші кезеңін сәтті аяқтады

Жерлестеріміз ең қауіпті ралли жарысының екінші кезеңін сәтті аяқтады. Артур Ардавичустың жүк көлігі үздік ондықты қорытындылап тұр. Осы позицияны сақтап қалудың өзі оңай болған жоқ. Аргентина даласындағы қою шаң мен ми батпақ автошабандоздардың еркін көсілуіне мүмкіндік бермеген.

Мәреге алғаш жеткен 10 көліктің арасындағы уақыт 3 минутты құрады. Денис Березовский бастаған екінші экипажымыз қарсыластарын шаң қаптырып, бірден кестенің 41-ші сатысына көтерілді. Africa Eco Race-тегі жарыста да жерлестерміз өз орнын сақтап тұр. Марат Абықаев қарсыластарынан 1 сағат 45 минутқа алда келеді. Ал Андрей Чередниковтың экипажы абсолюттық есепте үздік ондықтан көрінді. 

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ