$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тегін көмек алу үшін өтірік ажырасатындар көбейді

05.02.2024ж. 20:00
842
Тегін көмек алу үшін өтірік ажырасатындар көбейді

«Тегін көмек, жаңа үй алғыңыз келсе, ажырасыңыз!». Қазір осылай ақыл айтатындар да, оны тыңдайтындар да көбейген. Біз елде шаңырағы шайқалғандар артып жатыр дейміз ғой. Рас. Бірақ олардың кейбірі тағдырдан теперіш көргеннен емес, әлеуметтік көмек үшін әдейі екіге кетеді. Құйтырқы әрекетпен мемлекетті алдап жүрген кімдер? Аружан Задабек айтады.

Ажырасу көп. Бұл – жасыра алмайтын шындық.

Былтыр 12 мың жанұя екіге кеткен. Дәм-тұзы жараспағандардың дені Алматы, Қарағанды және Астана қаласында тұрады.

Жұлдыз АХМЕТОВА, ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ:

Ажырасуға арыз беретіндердің дені – жастар. Әсіресе, үйленгендеріне 1-2 жыл болған ерлі-зайыптылардан түсетін арыз көп. Біз, әрине, олармен сөйлесеміз. Татуластыруға тырысамыз.

Бірі жәрдемақы, енді бірі жеңілдікпен баспана алу үшін өтірік ажырасады. Мемлекет субсидиясына ие болу үшін осындай әрекетке баратындар бар. Бір сөзбен айтқанда, олар тегін ас үшін «тегін» ұмытуға дайын.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Ол, ең алдымен, отбасындағы тәрибе. Отбасында мейірімге мұқтаж болған, мейірім көрмеген, дұрыс тәрбие алмаған, әкенің рухын сезініп өспеген балада осындай бағаланым төмен болады.

Оның үстіне қазір атаулы әлеуметтік көмек көлемі өскен. Былтыр оған қазынадан 57 млрд теңге бөлінді. Мұны елдегі 114 отбасы алды. Бұған дейін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі тұрмысы төмен отбасылардың бірыңғай базасын жасақтаған. Осы арқылы алаяқтардың жолын кесу көзделген еді. Бірақ мәселе шешімін тапты деп айту қиын.

Айгүл ӘПЕНОВА, ҚР ЕХӘҚМ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

1 ақпанға қарағандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы - 50 мың. Оның ішінде 262 мыңға жуық азамат осы атаулы әлеуметтік көмек алуда. + Блтырғы жылы атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 8 мың теңгені құратын болса, биылғы жылы 12 мыңға жуық.

Өтірік неке де, жалған ажырасу да алаяқтықпен тең. Бірақ бұған қатысты жауапкершілікті реттейтін жеке бап та, норма да жоқ. Бармақ басты, көз қысты әрекет ететіндердің көбеюіне - осы да себеп, дейді заңгерлер.

Ерқанат БЕЙСЕНОВ, ЗАҢГЕР:

Бұл алаяқтық қылмыстық жауапкершілікке жатпайды. Бірақ берілген ақшалай қаражат болса немесе үй болса мемлекеттен сол тұлғадан қайтадан талап етіледі сот арқылы.

Сондықтан «бұл неткен батпанқұйрық?» деуге асықпаңыз. Заңсыз алынған әр нәрсенің қайтарымы болары анық. Тек оны дәлелдеу қиын. Бұл мәселеге қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев материалдық жағдайын түзеу үшін ажырасатындарға тоқтау салуды тапсырды. Қазір жауаптылар «жауапсыздармен» күрес жүргізіп жатыр.