Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Не істерін білмей қалған": Келіншек өлі туған баласын қоқысқа тастап кеткен

AstanaTV
05.02.2024ж. 19:33
637
"Не істерін білмей қалған": Келіншек өлі туған баласын қоқысқа тастап кеткен

Көшедегі қоқыстан нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қырғызстанның Бішкек қаласында болған. Полицияның мәліметінше, тұрғындар Алма-Ата жаңа айналма жолының қиылысындағы қоқыста кішкентай сәбидің денесі жатқанын хабарлаған.

20 жастағы келіншек Бішкекте 7 айлық сәбиді босанған. Ол өлі туылған. Келіншек не істерін білмей, құрбыларының кеңесімен оны қоқысқа тастаған. Келіншек сәбиді Алма-Ата көшесіндегі қоқысқа тастағанын мойындады.

Аталған қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.