$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысында мектеп оқушылары мен мұғалімдердің жаппай улану фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында  мектеп оқушылары мен мұғалімдердің  жаппай улану фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында оқушылар мен мұғалімдердің жаппай улану фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық білім басқармасының ақпаратына сүйенсек,қазір бір мұғалім ауруханада. Әлі ем қабылдап жатыр. Кеше медициналық көмекке 29 оқушы мен 10 мұғалім жүгінген болатын. Екі мұғалімнен өзгесі алғашқы көмектен соң үйлеріне қайтарылған.

Айгүл ҚАСЫМБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда балалардың денсаулығы бірқалыпты, үйлерінде. Мектептегі бояу иісі кеткенше қашықтықтан білім беріліп жатыр. Аталған жайтқа байланысты Сарыағаш аудандық құзырлы мекемелермен тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектеп әкімшілігіне қатысты шешімдер осы құзырлы органдардың шешімімен қабылданатын болады.