Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан туристерді қызықтыратын 52 елдің қатарынан көрінді

AstanaTV
05.01.2017ж. 20:00
2987
Қазақстан туристерді қызықтыратын 52 елдің қатарынан көрінді

Қазақстан туристерді қызықтыратын 52 елдің қатарынан көрінді. Американың «New York Times» басылымы 52 мемлекеттің тізімін жасақтап, 2017 жылы туристерге осы елдерге баруға кеңес беріпті. Қазақстан осы тізімде 26-ыншы орында тұр. Тізімнің басында Канада, Чили, Үндістан, Швейцария елдері.

Қазақстанның бұл 52 елдің қатарына ілінуіне халықаралық ЭКСПО көрмесінің өтуі себеп. Өйткені  басылым біздің ел туралы жазғанда, тақырыбының өзін «Мұнайлы мемлекеттен эко-бағытқа» деп атаған. «The New York Times» Боратты да ұмытпаған. «Борат туристік картаға белгілеп кеткен соң он жыл өткенде, Қазақстан Ұлы Жібек жолының мекені болуға ұмтылуда», - деп жазады. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Қазақстанның Тянь-Шань таулары жайлы да ақпарат бар.