Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шахан тұрғындарына халықтан жиналған гуманитарлық көмектің алғашқы легі жетті

AstanaTV
05.01.2017ж. 20:00
2347
Шахан тұрғындарына халықтан жиналған гуманитарлық көмектің алғашқы легі жетті

Шахандағы апат орын алған үйдің жанынан жаңа қазандық орнатылып, демалыс күндері жылу беріле бастайды. Бұл туралы Шахтинск қаласының билік өкілдері хабарлады.

Ал бүгін тұрғындар халықтан жиналған гуманитарлық көмектің алғашқы легіне қол жеткізді. Азық-түлік пен өзге де қажетті заттар жергілікті әкімдікте таратылып жатыр. Ұн, қант, күнбағыс майы мен жеміс-жидек, дәнді дақылдар секілді адамға күнделікті қажет өнімдер бар. Мұнымен қоса жапа шеккендерге көмек қоры құрылып, арнайы есеп-шот ашылған.

Апатқа душар болған үйдегі 50-ден астам отбасы әлі де туыстарының үйін паналап жүр. Ал күл-талқаны шыққан 10 пәтердің иесіне облыстық бюджеттің қаржысы мен демеушілерден жиналған ақшаға баспана сатып алынатын болды. Енді бір пәтерлерге күрделі жөндеу жасалмақ. Құрылысшылардан құралған арнайы комиссия қалған 3 подъезде адам тұруға жарамды деген шешім шығарды.

Досжан Жұмкин, Шахан кентінің тұрғыны:

Көмектескендеріне рахмет, әрине. Бірақ тезірек өз үйімізге қайтқымыз келеді. Біз, мысалы, көршіміздің үйінде жатырмыз. Олардың да өз бала-шағасы бар. Тезірек жылуға қосса, жақсы болар еді. 

Айжан ҚУАШ