Қысқы Универсиада қарсаңында қылмыстың алдын алу іс-шаралары басталды. Мұндай шара қала мен оның маңындағы ауылдарды қамтитын болады.
Тексеруге ең алдымен арнайы тіркеуде тұрған, қылмысқа бейімі бар азаматтар
ілігеді. Қару-жарақты заңсыз сақтаушылар мен террорлық актілердің алдын алуға
қатысты іс-әректтер де жүйелі қолға алынбақ.
Қаңтардың аяғына қарай ауқымды
спорттық шараға қатысу үшін өзге елдерден бірнеше мың спортшылар мен қонақтар
келеді. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - басты мақсатымыз, - дейді ІІД
өкілдері. Сондықтан жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары тексеру шараларына
түсіністікпен қарап, қолдау көрсетсе дейді.
Айта кетейік, Қысқы спорт түрлерінен халықаралық Универсиада Алматы
қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.
Салтанат
Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:
Бұрын
соңды қылмыстар жасаған және жасауы мүмкін деген күдікпен жүретін азаматтарды
тексеріп, қадғалайтын болады. Сондай-ақ азаматтық қару иелерін тексереді.
Сақтау ережелерін қадағалау. Криминалдық ақуалды тұрақтандыру, қандай да бір
қылмыстық әрекеттердің алдын алу үшін жасалып отырған құққытық іс-шара.