Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

ТЖМ қызметкерлері 470 адам құтқарды

AstanaTV
08.02.2024ж. 16:30
1067
ТЖМ қызметкерлері 470 адам құтқарды

ТЖМ қызметкерлері 470 адам құтқарып, эвакуациялады.

Ауа райының нашарлауына байланысты 13 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 53 учаскесінде және облыстық маңызы бар 85 учаскеде көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс жабық, республикалық маңызы бар 3 учаскеде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалыс шектелген.

Ақтөбе және Қостанай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 400-ден астам адам бар.

Ақтөбе облысының жолдарында ТЖМ, ІІМ бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жол қызметтерінің күштерімен авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Барлығы 470 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

Түркістан облысында 7 ақпанда мал іздеуге шыққан және ауа райының қолайсыздығынан адасып, жоғалып кеткен екі адамды іздестіріліді. Іздеу жұмыстары ауа айының нашарлауымен қиындады. Бүгінгі таңда іздеу жұмыстары кезінде ер адамның бірі тірі, ал екіншісінің денесі табылды.

ТЖМ және оның аумақтық бөлімшелері республикалық және облыстық жедел штабтар құрды, психологтарды тарта отырып, "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.