$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Қарағандыда өзіне пышақ жарақатын салған ауыл тұрғынын учаскелік полицейлер құтқарып қалды

AstanaTV
08.02.2024ж. 15:57
1164
Қарағандыда өзіне пышақ жарақатын салған ауыл тұрғынын учаскелік полицейлер құтқарып қалды

Бұқар-Жырау ауданына қарасты Ғабиден Мұстафин атындағы кентте орналасқан полиция бөліміне қадағалау жасайтын аумақтардың бірінде өз үйінің ауласында ер азаматтың пышақпен жүргені туралы хабарлама түсті.

"Үйге кіре берісте бізді бір әйел адам күтіп алды. Сол адам полицияға қоңырау шалып, ұлының орынсыз қылықтары туралы хабарлаған. Біз сол үйдің ауласына кіргенімізде ұлы ол жерде болмады. Арызданушы ұлының үйге кіріп кеткенін, ал өзінің үйге кіруге қорқып тұрғанын айтты. Біз ер азаматты үйдегі бөлмелердің бірінен төсекте жатқан жерінен таптық. Сол кезде оның сол қолындағы пышақ жарақатын көрдік. Сөйтсек, ол өз-өзіне қол жұмсап, ас пышағымен сол жақ қолының тамырын кесіп жіберген екен. Сондықтанда қанды тоқтату мақсатында жгутпен қысып тастадық. Жедел жәрдем қызметкерлері келген соң оны дәрігерлерге табыстадық", – деді учаскелік полиция инспекторы Тілектес Маханов.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері бір қайғылы жағдайдың алдын алды. Жәбірленушінің анасы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.