Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Маска режимі енгізілді

09.02.2024ж. 20:00
307
Маска режимі енгізілді

Қазақстан маска тағу режиміне қайта оралды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова тиісті қаулыға қол қойды. Өйткені эпидахуал күрделене түскен. Ел аумағында «Омикрон-арктур» штамы белең алып барады. Халық жаппай маски киюге дайын ба? Тағы карантин бола ма? Тілші Айсәуле Съезбек біліп көрді.

Елде желтоқсанда – 61, қаңтарда – 74 адам коронавирус жұқтырған. Соңғы екі аптада жедел респираторлық вирус пен тұмауға шалдыққандар саны да 7 процентке өскен. Бәрі қабаттасып, эпидахуал күрделеніп отыр. Оған тұрақсыз ауа райын қосыңыз. Бас санитарлық дәрігер ақпанда екінші толқын келеді, - деп болжады. Содан кейін ғана тұмау маусымы аяқталады.

Сархат БЕЙСЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕР:

Осының бәрін ескере отырып, жабық ғимараттарда, қоғамдық көліктерде, адам көп жиналатын жерлерде, науқастармен байланысқанда маска тағуға кеңес береміз. Ал медициналық ұйымдарда қатаң түрде міндеттеуге тырысамыз. Бізде карантиндік шектеулерді енгізу тактикасы бар. Қазір ел жасыл аумақта. 3 адам стационарда, қалғаны амбулаторлық ем алуда. Сондықтан әзірге шектеу шаралары болмайды.

Ал халық маска тағуға келгенде екіұшты пікір білдірді.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Ауырып жатыр ғой. Өзім де ауырып шықтым грипповать етіп. Елдер жөтеледі. Неғылады. Автобусқа мінеміз. Содан шығар.
- Ауру деген өтірік қой ол. Жоқ қой ондай ауру. Ойдан құрастырған нәрсе ғой бәрі.
- Коронавирус не уходил. Потому что он видоизменяется. Это же вирусная заболевание. Он мутирует.
- Мен тақпаймын. Мен өмірі тақпаған адаммын. Мен коронавирус кезінде де тақпаған адаммын.

Мамандардың айтуынша, бетпердені әр 3 сағат сайын ауыстырып отыру керек. Коронавирусты анықтау тесті бұрынғыдай медициналық ұйымдар мен Ұлттық сараптама орталығында және жеке-меншік лабораторияларда жүзеге асырылады.