Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Көктайғақтан көлігімді соғып алдым", - тұрғын

09.02.2024ж. 20:00
363
"Көктайғақтан көлігімді соғып алдым", - тұрғын

Кешелі бері қолайсыз ауа райы астаналықтарды әбігерге салды. Түнде жаңбыр жауып, жер мұз айдынына айналды. 300-ден астам тұрғын жарақат алды, 2 адамды үсік шалған. 250-ге жуық жол көлік оқиғасы тіркелді. Толығырақ Сүндет Оралбек тарқатады.

Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:

Кеше ақ түтек боран бет қаратпаса, бүгін аяқты алшаң басып жүре алмай қалдық. Жолдың бәрі көк мұз. Жылдам жүрмек түгілі қарыс қадам басу қиын. Абайламасаңыз құлап қалуыңыз мүмкін.

Ауа райының қолайсыздығынан тәулік ішінде 327 адам түрлі жарақат алған. Оның жетеуі ауруханаға жатқызылды. Ал екі адамды үсік шалды. Тұрғындар көктайғақтың қатты кедергі келтіргенін айтады. Көбі діттеген жеріне уақытылы жете алмай, әбігерге түскен.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Кедергі келтіріп жатыр. Жолдар тазартылмаған. Бірақ енді барынша жәй жүруге тырысамыз.
- Енді тайғанақ. Бірақ жұмысқа баруың керек. Балалар үйде, қашықтан оқып жатыр.
- ДТП болды. Жер қатты тайғақ болды. Сағатына 20 км жүрдім. Машинаның артына соғылып қалдым.

Тәулік ішінде Елордада 250 жол көлік оқиғасы тіркелген. Тәртіп сақшылары келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін білім беру мекемелері мен адамдар көп жиналатын орындарды патрульдеу бағыттарын күшейткен.

Гүлмира ШРАХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады. Қозғалыс кезінде жылдамдықты, қашықтықты, кенет тоқтаудан сақтану керек. Жаяу жүргіншілер жолды тек белгіленген жерден өтуін сұраймыз.

Мамандар жауын-шашын мен көктайғақ алдағы күндері де болатынын айтады. Елдің солтүстігінде ауа температурасы түнде 20-28, күндіз 15-20 градусқа дейін төмендейді. Ал Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қалың тұман күтілуде.