Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қаңтарда еліміз мұнай өндірісін 20 мың баррельге қысқартып бастады

AstanaTV
06.01.2017ж. 20:00
2826
Қаңтарда еліміз мұнай өндірісін 20 мың баррельге қысқартып бастады

Қаңтардан бастап елімізде мұнай өндірісі 20 мың баррельге қысқарды. ОПЕК-пен арадағы келісімге сай, Қазақстан мойнына алған міндеттемесін орындауға кіріскен. Бұл туралы біздің арнаға энергетика министрілігің өкілдері хабарлады. Алайда қысқарту қай кен орындарында жүріп жатқанын нақты айтпады.

Қуандық Құлмұрзин, ҚР Энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры:

Иә, 20 мың баррельге кеміттік. Алдағы жарты жыл ішінде ОПЕК пен бақылаушы елдердің кездесуі өтеді. Бұдан басқа бақылау механизмдері мен жоспарлар нақтыланатын бірнеше кездесулер жоспарланған. Бұл жұмыс жемісін бере ме, дегенге келсек, оны уақыт көрсетеді. АҚШ-да қатпарлы мұнай өндірісінің жаңғыруы қалай әсер етеді, оны да білмейміз.

Еске салсақ, желтоқсанда Қазақстан мұнай өндірісін 20 мың баррельге қысқартатынын, ОПЕК елдері келісіміне қосылатынын мәлімдеген. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бұл болмашы ғана мөлшер, оны азайтқаннан мұртымыз қисаймайды деген болатын. Және қысқартулар Ақтөбе, Қызылорда облыстарындағы кен орындарында жүргізілетінін айтқан еді.