Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

2253 әйел түсік жасатты

AstanaTV
11.02.2024ж. 10:04
715
2253 әйел түсік жасатты

 Атырау облысында соңғы үш жылда түсік жасатқан әйелдер саны артқан. Былтыр 2253 әйел осындай қадамға барған, - деп жазды  KAZINFORM

Атырау облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қазбек Ермағамбетовтің айтуынша, бұған әлеуметтік және денсаулықтағы кінәрат себеп болуы мүмкін. Некесіз жүктілік те осында қадамға баруға мәжбүр етеді.

«Мәселен, 2021 жылы – 1951, 2022 жылы – 1815, ал, былтыр 2253 әйел жасанды түсік жасатуңа шешім қабылдады. Ал, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында түсік жасату дерегі 2,5 есеге азайды. Статистикалық мәліметке сәйкес, 2021 жылы — 13, 2022 жылы — 14, өткен жылы 5 жасөспірім түсік жасатты», -дейді Қазбек Ермағамбетов.

Оның пікірінше, мектепте кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілікке қарсы түсіндіру жұмысының маңызы зор.

«Әйел үшін жүктілік, өмірге бала әкелу — үлкен оқиға. Сол себептен, біз қыздарымызды ерте жүктіліктен, түсік жасатудың ықтимал салдарынан қорғауымыз қажет. Өйткені, әйел түсік жасатқаннан кейін күйзеліске ұшырайды. Бұл демографияға кері әсер етеді», -дейді Қазбек Ермағамбетов.