Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Өткен жылы 810 орман өрті тіркелді

AstanaTV
12.02.2024ж. 11:42
403
Өткен жылы 810 орман өрті тіркелді

2023 жылы жалпы ауданы 116,8 мың гектар болатын 810 орман өрті тіркелді.

Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман қорын сақтау бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны жайлы баяндап берді.

Министрдің мәліметінше, мемлекеттік орман қорының ауданы 30,9 млн гектар, оның ішінде орманмен көмкерілген 13,7 млн гектар.

Ел аумағының 5%-ы орманды алқап. 2023 жылы жалпы ауданы 116,8 мың гектар болатын 810 орман өрті тіркелді, оның ішінде орманмен көмкерілген алаңы 61,1 мың гектар, - деп айтты Нысанбаев Үкімет сағатында.

Ведомство басшысы орман өрттерінің себептері мен сандарына тоқталды.

найзағай разрядтарынан - 498;

ауыл шаруашылығы жерлерінен өтіп кеткен - 87;

жеке және заңды тұлғалардың кінәсі бойынша - 30;

анықталмаған себептерден - 194 оқиға тіркелген.