$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президент қарлы боранда халыққа көмектескен азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсынды

12.02.2024ж. 20:00
698
Президент қарлы боранда халыққа көмектескен азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсынды

Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезінде еңбек еткен қызметкерлерге алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азаматты мемлекеттік наградаға ұсынды. Президент бұл жандар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек еткенін айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті.