Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде ақбөкендерді атуға тағы тыйым салды

12.02.2024ж. 20:00
388
Елімізде ақбөкендерді атуға тағы тыйым салды

Елімізде ақбөкендерді атуға қайтадан тыйым салынды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты. Ведомство басшысы киіктердің санын реттеу тоқтатылғанын, енді киікті атуға мүлдем рұқсат берілмейтінін ескертті. Сонымен қатар, Министр елімізде реликттік бөкен популяциясының көбеюі мүмкін екенін атап өтті. "Былтырғы есеппен санағанда 40 пайызға өсіп, 2,5 миллионға жетті" - дейді. Еске салсақ, былтыр күзде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «киік ауыл шаруашылығына зиян тигізіп жатыр» деп санын азайту үшін атуға рұқсат берген болатын.

Ерлан НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Отандық ғалымдар және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қыс мезгілі - далада жүру қиындай түсті. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеу процесін тоқтаттық. Былтырғы төлдеуді есепке ала отырып, биыл мамырда мұқият егжей-тегжейлі есепке алу жүргізілді.