Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырауда мектепте оқушыны ұрып-соққан сыныптастары жазалана ма?

13.02.2024ж. 20:00
344
Атырауда мектепте оқушыны ұрып-соққан сыныптастары жазалана ма?

Атыраудағы №42 мектепте 7-сынып оқушысын қатарластары ұрып-соғып, теуіп тастаған. Ата-анасының айтуынша, осы білім ошағына ауысып келгелі құрдастары мен жоғары сынып оқушылары ұлын бопсалап, ақша сұрауды әдетке айналдырған. "Басшылыққа, сынып жетекшісіне бірнеше рет ескерткеніммен, құлақ аспай қойды",- дейді.

Бет-аузы қызылала қан ұлын көрген бойда Нұргүл Жұбатырова бірден мектепке келген. Баласының мұрнынан сауғалаған қан еденде сол күйі жатыпты. Бейнекамерадағы жазбада алаңсыз отырған жеткіншекті өзге оқушының қайта-қайта төпелегені анық көрінеді. Кейін аяғымен тепкен. Бұл алғашқы жағдай емес,- дейді анасы.Өзге мектептен ауысып келгелі, теперіш көріп жүргенін айтады.

Нұргүл ЖҰБАТЫРОВА, АТА-АНА:

Ақша сұрайды балалар мектептен, 500 теңгеден , 1000 теңгеден. Бермесең ұрады,-дейді. Күнде таяқ жеп келеді екен. Қолдарының бәрінде көгерген бар. Баламды шешіндіріп, дәлелдеп көрсете аламын. Мектеп басын алып қашып отыр. Қанша келіп ескерттім, директорына, апайына да

Нұргүл Жұбатырова бұған дейін де мектепте баласын оқушылардың дәретханада ұрып, ақша талап еткенін ескертіпті. Онда ұрған баланың ата-анасы кешірім сұрап, жылы жапқанмын,- дейді. Соңғы кезде ұлының сабағы нашарлап, мінезі өзгере бастағанын айтады. Ал сынып жетекшісі де, директор да мектепте ешқандай әлімжеттік те, ақша сұрап бопсалау да жоқ,- деп азар да безер.

Жанаргүл БИСЕНОВА, СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ:

Бір-бірінің сөзін көтере алмайды балалар қазіргі балалар. Ақша сұраған жоқ. Біздің мектепте ақша сұрау деген мәселе жоқ.

Айнамкөз БИСЕНҒАЛИЕВА, №42 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ақша бопсалау деген жоқ. Оқушалар арасында болады ғой асханаға барады. Пирожки алады деген сияқты, сондайда бөліп беру, бір-біріне сондай нәрселер орын алды. Оның бәріне түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

Мектепте таңнан бері дүрбелең. Білім бөлімі басшылары да, полиция қызметкерлері де осында.

Жеңіс БОЗАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2 қалалық полиция басқармасында екінші тарап ата-аналармен бірге сол жақта түсініктеме алып, тергеліп жатыр. Мектепке болған оқиға бойынша жиналыс өткізуге келіп жатырмыз.

Жеткіншекті теккілегендер де 7-сыныпта оқиды. Қазір олардың ата-анасы мен өздерінен түсінік алуда. Жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.