$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылордада 9-сынып оқушысы көз жұмды

Қызылордада 9-сынып оқушысы көз жұмды

Қызылордада 9-сынып оқушысы көз жұмды. Күдікті ретінде онымен бір мектепте оқитын жасөспірім қамауға алынды. Қанды оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.

Оқиға қала іргесіндегі Белкөл кентінде болған. Сағат екілер шамасында 9 сынып оқушысын сыныптастары ес-түссіз күйде кенттегі амбулаторияға жеткізген. Дәрігерлер баланың денесінде қан іздері мен айтарлықтай жарақаттың болмағанын айтып отыр.

Айзада ҚАБЫЛОВА, БЕЛКӨЛ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Мен шыққан кезде скорый келді бірге. Олар алдын ала шақырып қойған ғой негізі балалар мына бала тұрмаған соң. Сол скорыймен бірге кірдік қой. Бала уже қайтыс болып кеткен. Ерні көгеріп, денесінен трупный белгілер пайда болып жатыр. Бірақ үміт үзбей біз реанимациялық шараларды 1 сағат көлемінде жасадық.

Көз жұмған оқушы Белкөлдегі №189 мектепте 9 сыныпта оқиды. Сабақтан қайтып бара жатып, екі жасөспірім егерісіп қалған көрінеді. Көпқабатты үйдің алдында туындаған жанжал соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Алақандай ғана кентте жылдам тарап үлгерген оқиғадан тұрғындар да есеңгіреп отыр.

БЛИЦ-САУАЛАНАМА:

- Алаңдамаймын ғой. Осыны естігелі қорқып отырмын мен де. Жаңа балама звондадым сабаққа кеткен. Айналайын, сен қай автобуспен келесің. Автобустан өзім күтіп алып тұрайын мынау басылғанша, мынау қиын болды ғой десем, әже қорықпа деп кетті ғой енді.
-Менің өзім таңқалдым. Бұрын соңды мұндай болмайтын еді ғой, не болды бұл деп. Аң-таң қалдық. Бәріміз немерелеріміз бар. Құдай сақтасын енді алдағы уақытта болмайтын шығар деп ойлаймын.

Осы оқиғадан соң мектеп директоры мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен босатылған.

Асқарбек ЕСЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бар болғаны 4 бала болған ол жерде. Қалған 3 бала көтеріп апарып жеткізген. Әр баланың өміріне, қауіпсіздігіне білім саласы жауаптымыз. Тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейтеміз. Мектеп басшылығына, директорына, тәрбе жөніндегі орынбасарларына, мектеп психолготары мен педагогтарға, ұстаздарға қатаң тәртіптер қойылады.

Күдікті ретінде 10 сынып оқушы қамауға алынды. Полиция департаменті тергеу жұмыстарының басталғанын хабарлады. Қажетті сараптамалар тағайындалған.