Полиция қызметкерлері БҚО Ақсай қаласында супермаркеттен 6 миллион теңге тонап, ақшалай қаражатты жымқырған күдіктіні ұстады.
Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 25 жастағы Ақсай қаласының тұрғынын ұстады. Ол қаладағы супермаркеттердің біріне тонау қылмысын жасап, ақша ұрлады деген күдікке ілінеді.
Күдікті супермаркет ауласында әкімгерді бағып тұрып, ұрып-соғып, кілтін тартып алып, дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кіреді.
Ол жерден 6 миллион теңгеге жуық апталық табыс түсімін жымқырып кетеді.
Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.