Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

200-ден астам қазақстандық Сирия мен Иракта соғысып жүр

AstanaTV
02.03.2016ж. 20:00
1809
200-ден астам қазақстандық Сирия мен Иракта соғысып жүр

Қазақстанның 200-ден астам азаматы отбасыларымен бірге Сирия мен Иракта соғысып жүр. Мұндай мәліметті Презитенттің көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қозғаған халықаралық конференция аясында хабарлады. Оның айтуынша, лаңкестік топтардың идеологиялық базасы қалыптасып қалған. Олар адамдар мен бүтін бір ұлттарға оларға жат құндылықтарды дәріптетіп, тарихына, мәдениетіне, діліне қайшы дүниелерді саналарына сіңіріп жатыр. Ал бұл, өз кезегінде мыңдаған адамның тағдырын тәлкек етіп жатқанын айтты. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы:

Қолда бар ақпараттарға сүйенсек, Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыстарға 200-ден астам қазақстандық азамат қатысып жатыр. Олардың жанында әйелдері, жесірлері және балалы бар.  Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметін алсақ, 2016 жылдың басынан бері халықаралық лаңкестік топтар қатарында әскери қақтығыстарға қатысқаны үшін, Қазақстан азаматтарына қатысты 205 қылмыстық іс қозғалған. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ