$459.75 €494.14 ₽5.54
×

Елбасы шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті

AstanaTV
02.03.2016ж. 20:00
1445
Елбасы шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті

Қазақстан АҚШ пен Ресейді Сирияға қатысты келісімдерді толық орындауға шақырады. Ресми Астана әскери іс-қимылдарды тоқтату позициясын ұстанады. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада шетелдік дипломаттармен кездесуінде айтты. Сирияда ел үкіметі мен оппозицияның атысты тоқтату режимі 4 күн бұрын енгізілген еді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Мы приветствуем достижение договоренности между Россией и США о прекращении огня в Сирии. Призываем все вовлеченные стороны к полному выполнению достигнутых договоренностей. Убеждены, что это будет способствовать обеспечению условий для долгосрочного политического урегулирования

Президент депломатиялық миссия басшыларын адал саясат жүргізуге шақырды. "Геополитикалық ойын мен өзара экономикалық санкциялар өткеннің еншісінде қалуы керек. Саясат ынтымақтастыққа, экономикалық өсімге кедергі келтірмеуі тиіс", -деді. Осы орайда мемлекет басшысы экономикалық шектеулерге шырмалған көршіміз Ресейдің ықпалынан өзара сауда саттық біраз төмендегенін де тілге тиек етті.   

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Торговля падает на 20-25 процентов, снижение экономики Китая тоже сказывается . Вот в таких условиях которые КНР называет новая нормальность, я называю новая реальность, то есть привыкнуть к таким ценам на нефть,  на газ которые были вздуты, надо научиться жить Для политиков, для дипломатов, я думаю, непростое сейчас время. Сохранить добрые взаимоотношения  между государствами при этом, и ссылаясь на эти трудности не прижимать соседей, экономически там, политически и т.д.  А стараться выйти вместе из этой ситуации, я думаю, наша с вами общая задача. И вам послам здесь большое поле работы

     

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА