$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Отаға дайындап жатыр". Сәбит Әбдіхалықов денсаулығы туралы айтты

AstanaTV
17.02.2024ж. 19:34
4919
"Отаға дайындап жатыр". Сәбит Әбдіхалықов денсаулығы туралы айтты

Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актер ауруханадан сурет жариялаған.

"Операцияға дайындап жатыр", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін ол дертке шалдыққанын жазған еді.

"Биылдыққа 5-рет жүрекпен ауруханаға жаттым. Жүрегіме стэнд қоюға мүмкіндік жоқ. Бір тамырдың бойы аншлаг, келесі бір вариант "соямыз" деп, кардиохирургтер пышақтарын жалаңдатып ниет білдірді", - деді ол.

Өнер иесінің сөзінше, дәрігерлер оның жүрегіндегі ақауды зерттеп, коронография жасап, тамырды үрлеу әдісімен емдеген.

"Қазір Аллаға шүкір жақсымын. Еліміздегі бұл клиникада нағыз сапалы емдік әдістерімен қоса, заманауи аппараттарымен емдейді", - деді өнер иесі.