$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты

AstanaTV
19.02.2024ж. 18:26
805
«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты

 «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты. Себебі, қордағы алтын рудасы таусылған.Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

Ал алдағы алты жылға дайындалған 1 млн тоннадан астам шикізат жердің астында жатыр. Әзірге оны шығаруға рұқсат жоқ. Себебі, қаңтардың 3-нен 4-не қараған түнгі апаттан соң, шахталарда жұмыс істеуге тыйым салынған болатын. Ал кеншілер 1,5 айдан бері жаппай еңбек демалысында. Енді оларға фабрика ішіндегі мамандар қосылды.

Жұмыссыз қалғандардың жалпы саны - 1100 адам. Олардың ары қарайғы тағдыры не болары осы 1-2 күнде шешіледі, - дейді  кәсіпорынның бас директорының кеңесшісі Орынжан Қабдолов.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында фабрика аумағында топырақтың опырылуынан пайда болған шұңқырға 4 адамы бар автобус құлаған болатын. Екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды. Тағы екі адам әлі іздестіріліп жатыр. «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы 10 мыңнан аса халқы бар Майқайың кентіндегі тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған негізгі жүйе құраушы кәсіпорын болып есептеледі.