Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңге беріледі

AstanaTV
19.02.2024ж. 18:54
2404
Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңге беріледі

Енді жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеден беріледі. Тек үміткер «Zhas project» жобасына қатысуы шарт. Бұл туралы  gov.kz  хабарлайды.

Жобаға өтінім қабылдау басталады. Жеңімпаз атанған 280 адамның әрқайсына 1 млн теңгелік грант беріледі. Байқауға қатысуға 18 бен 34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар өтінім бере алады.

Басты талаптар: Үміткер өтінім беріп жатқан өңірде тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс. Конкурсқа қатысушы 1 ғана әлеуметтік жобаны ұсына алады.