Отан отбасынан, ал тәрбие тамыры әкеден басталады. Сондықтан әр шаңырақтың арқасүйер ер азаматының орны ерекше болып, олар бала тәрбиесінен шет қалмауы тиіс. “AMANAT” партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы қазіргі қоғамдағы осы күрделі мәселені мектеп оқушыларымен бірге талқыға салды. "Кітап-"AMANAT" жобасы аясында өткен кездесуде әке мен ананың орны мен шаңырақтағы сыйластық жайы сөз болды. "AMANAT" партиясы Орталық аппараты саяси жұмыс департаментінің бас саяси консультанты Бекарыстан Аманжолов жастарға өзінің өмірлік тәжірибесі туралы баяндады. Ауыл жастары Бекарыстанды кішкентай қызға бауырын берген мәрт донор ретінде жақсы таниды. Өмірдің өзінен өзекті мысал келтірген маманның сөзі әсерлі шықты.
Бекарыстан АМАНЖОЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ САЯСИ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САЯСИ КОНСУЛЬТАНТЫ:
Әкелерге де бұл жақсы. Себебі әке болудың қандай маңызы, қандай құндылықтары, қандай ауыртпашылығы бар екенін түсінуі керек деп ойлаймыз. Негізі "кітап Аманат" жобасы аясында аудандық деңгейде өткен мұндай шаралар бұл жалпы облысқа да, республикаға да жақсы үлгі болады деп есептейміз. Себебі қоғамдағы әкенің маңызы туралы жастарға көбірек насихаттау ол шынында өте бір қажетті ақпараттардың маңызды дүниелерінің бірі деп ойлаймын.
Кездесуден кейін оқушылар өздерін толғандырған сұрақтар қойып, жауап алды. Бұдан кейін жастардың зеректігін анықтау үшін қызықты ойын ұйымдастырылды. Ал спикерлерге ерекше сұрақ қойған белсенді жастарға кітап сыйға тартылды.
Данагүл ҚАЛЫМЖАНОВА, БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ Қ. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:
Әкенің рөлі, әкенің қадірін, әкенің отбасындағы рөлін оқушыларға түсіндіріп, осындай өте керемет іс-шара өткізгеніне өте қуаныштымын. Өзіме өте керемет мәліметтер алдым. Әкенің рөлін тереңірек түсіндік, маған ұнады.