Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«Ақ жол» партиясы «Пошта жәшігі» науқанын өткізді

AstanaTV
02.03.2016ж. 20:00
1585
«Ақ жол» партиясы «Пошта жәшігі» науқанын өткізді

Бүгіннен бастап «Ақ жол» партиясының Республикалық сайлауалды штабы «Пошта жәшігі» атты акциясын бастады. Партия белсенділері Ақмола облысының Қосшы ауылына барып, {зкт} халық арасында үгіт-насихат парақшаларын тарата бастаған. Осылайша тұрғындарды «Ақ жол - еңбек етер кез келді» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі қағидаларымен кеңірек таныстырмақ. Арнайы үгіттік баспа материалдары шыққан. Айта өтейік, акция партияның барлық аймақтық филиалдарында да бастау алған. Жастардан құралған насихат топтары үгіт парақшаларын тұрғын үйлерді аралап, сайлаушыларға жеткізеді деп жоспарланып отыр.  

Талғат Ерғалиев, «Ақ жол» ҚДП мүшесі:

Ең бірініші бағыт біздің әсерімізбен, көмегімімзбен экономикаға үлесімізді тигізу. Кәсіпкерлікті қолдау. Қазіргі уақытта біз ойлаймыз шағын кәсіпкерлікті салықтан босату керек. Содан кейін оларға көмек жасау керек жаңағы тосқауылдарды азайту керек. Сол енді негізі әр жұмыста,әр бағытта конкуренция болу керек. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА