Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«Ауыл» ХДПП үгіт-насихат жұмыстарымен кеншілер шаһарында болды

AstanaTV
02.03.2016ж. 20:00
1405
«Ауыл» ХДПП үгіт-насихат жұмыстарымен кеншілер шаһарында болды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы үгіт-насихат жұмыстарымен Қарағандыға ат басын бұрды  «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің» қызметкерлерімен кездесіп, сайлауалды  бағдарламаларымен таныстырды. Жиында отандық фармацевтика өндірісін алға бастырып, экспорттау жағы талқыланды. Сондай-ақ, ауылдағы шағын және орта бизнесті дамыту, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу мәселелері сөз болды. Айта кетерлігі, Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта бүгінде 72 түрлі дәрі-дәрмек өндіріледі, 12 ғылыми зертханасы бар. Зауыт қазақ даласында өсетін өсімдіктерді қолданады. Сондықтан өнімдегі қазақстандық үлес 100 пайызды құрайды. 

Әли Бектаев, «АУЫЛ» ХДПП төрағасы:

Жақында СКЛ ғылымның жетістіктерін коммерцияландыру туралы заң қабылданды. Өте жақсы заң. Болашақта шынында да адамның жеткен жетістіктері, жаңалықтары, алған қорытындыларының бәрі өндіріске енгізілуі керек. Олар өмірге ену керек, ол әрі қарай табыс алып келу керек. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ