Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Қызымыз дүниеге келді": Илья Ильин отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті

AstanaTV
21.02.2024ж. 08:20
474
"Қызымыз дүниеге келді": Илья Ильин отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті

Белгілі ауыр атлет Илья Ильиннің қызы дүние есігін ашты. Cпортшы сүйінші жаңалықты Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сүйінші, қазақ елі! Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауға болады. Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматшасы - Ильина Аили Ильинична. Әйелім жоспарлы кесарь тілігімен босанды, бәрі жақсы өтті. Қызымыздың бойы - 50 см, салмағы - 3 кг 178 гр", - деп жазды Илья Ильин.

Танымал спортшы қолдап, тілектерін жаудырған оқырмандарына алғыс білдірді.

"Біз сіздерді қатты жақсы көреміз! Келесі видеоларда кездескенше", - деді ол.