Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Алматыда әуе рейстері неге кешікті?

AstanaTV
11.01.2017ж. 20:00
2127
Алматыда әуе рейстері неге кешікті?

Алматыда бүгін тағы да 16 әуе рейсі кестеден кешікті. Екеуі мүлдем ұшпаған. Ол Алматы-Үржар және Алматы-Астана рейстері. Бұл туралы ақпарат Алматы халықаралық әуежайының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Ұшақтардың кешігуі ауа райының қолайсыздығынан емес, ұшақтардың техникалық себептеріне байланысты болған. Жолынан қалған әуе рейстерінің дені «Эйр Астана» компаниясына тиеселі. 11 әуе қатынасы осы компанияның ұшақтарымен орындалуы тиіс болған. «Эйр Астана» компаниясы өкілінің мәліметінше, ұшақтардың көкке көтерілмеуіне екі ұшақтағы техникалық ақау себеп.

Тілек Әбдірахымов, «Эйр Астана» компаниясы бұқарамен байланыс департаментінің менеджері:


Бүгін «Эйр Астана» компаниясына қатысты бірнеше рейстердің кешігуі орын алғаны рас. Біздің инженерлерден алған ақпаратымыз бойынша, аталған бағыттарға ұшуы тиіс екі ұшақта техникалық ақаулар шыққан. Олар алдағы күндері жөндеуден өтіп, қатарға қосылады деген үміттеміз.