$458.48 €534.68 ₽5.43
×

«Әділет» партиясы мен сарапшылар Құрылтай жұмысының басымдықтарын талқылады

«Әділет» партиясы мен сарапшылар Құрылтай жұмысының басымдықтарын талқылады

Қоғамдық саясат институтының TALQYLAU сараптамалық алаңында Құрылтайдың күн тәртібі мен алдағы міндеттері талқыланды. Жиынға саясаттанушылар, қоғам белсенділері және «Әділет» партиясының өкілдері қатысты. Жиналғандар ең алдымен қолданыстағы заңнаманы жаңа Конституцияға сәйкестендіру қажеттігін атап өтті. Талқылауда мемлекеттік бағдарламалардың өңірлерде қалай жүзеге асырылып жатқанын парламент тарапынан бақылау мәселесі де сөз болды. Талқылаудың арнайы бір бөлігі Құрылтай жұмысының ашықтығына және шешімдер әзірлеу кезінде талдау мүмкіндіктерін пайдалануға арналды. Сарапшылар депутаттардың азаматтардан келіп түсетін өтініштермен жұмысын көрсететін цифрлық профильдерді дамытуды, комитеттердің жұмысына тәуелсіз сарапшыларды тартуды және «Е-парламент» жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейтуді ұсынды.

БЕЛЛА ГАЗДИЕВА, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

Құрылтай сайлауы, менің ойымша, саяси тепе-теңдік жүйесінің берік іргетасын құрды. Жаңа саяси институттың жетістігі жай ғана қабылданған заңдар мен нормалардың санымен өлшенбейді. Себебі, қоғам сұранысын мемлекеттік шешімдер арқылы қанағаттандыру қажет. Ең бастысы, барлық тараптардың басын біріктіретін диалог алаңын құру – басты міндет.